№5 гимназия 1 сыныпқа 6 жастағы балаларды және ағымдағы жылы 6 жасқа толатындарды қабылдайды. 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізіледі. Құжаттарды egov.kz  арқылы беруге болады. 
   ҚР  ІІМ -де  2020 жылғы 25 маусымда тіркелген №20899 ҚР БҒМ 264 бұйрығының   9.4, 9.5, 9.6 тармақтарына сәйкес  құжаттарды  қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын алғашқы үш өтініш берушіге, содан кейін басқа шағын учаскеден бір өтініш берушіге (3:1 қағидаты бойынша)  жүргізіледі.
Қажетті   құжаттар:
- ата-аналардың (немесе оларға теңестірілген тұлғалардың)  өтініші;- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;- "Баланың денсаулық паспорты" 026/е форма, егу картасы 063/е форма;- 2 дана  3х4 фотосурет.