1 мамыр –Бірлік, Ынтымақ күні
1 мамыр –Бірлік пен Ынтымақ күніне арналған 5-7 –сыныптар арасында
«1 мамыр –Бірлік пен ынтымақ татулығы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.Мерекеге өзге ұлттан құралған, 5-7- сыныптың оқушылары қатысып, өз ұлттарының биін билеп,әнін шырқады. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар бейбітшілік, достық туралы өлеңдер оқыды.Қазақ халқының қасиетті қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартылды.