15.04.2022 ж. 3-сынып параллельдері арасында "Көңілді математика"атты математикалық турнир өтті.
Турнирді бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Асель Култаева өткізді.
Турнирдің мақсаты-балалардың математикаға деген қызығушылығын дамыту.
Міндеттері: 1. Балалардың математикалық қабілеттерін дамыту.
2. Логикалық операцияларды орындауға үйрету.3.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Үшінші сынып оқушылары іс-шараға белсенді қатысты: логикалық есептерді шешті, сұрақтарға тез жауап берді және грамоталармен марапатталды.