Республикалық «Тәуелсіздік ең қымбат қазынамыз» эссе байқауының жеңімпаздары 8 «А» сынып оқушылары Қазихан Медина мен Алтай Мансұр.
Байқауды ұйымдастырушылар «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық-зерттеу орталығы
Медина мен Мансұр 1-дәрежелі дипломмен, төсбелгілермен және «Ұлы дала дарыны» куәлігімен марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін тойлауға арналған шығармалар жинағына студенттеріміздің эсселері қосылды.
Жетекшілер: Қылышбаева Күлзипа Әуесқызы және Бейсембаева Бақыт Төлегенқызы.
Ұстаздарымыз бен шәкірттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтап, оқулары мен шығармашылықтарында бұдан да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.