Бүгін №5 гимназияда №8 қалалық емхананың қызметкерлері жоғары сынып оқушылары арасында жол қозғалысы ережелері бойынша профилактикалық әңгіме, сонымен қатар бірінші сынып оқушылары арасында жол қауіпсіздігі ережелері мен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша викториналық ойын өткізді.
Мұндай алдын алу шаралары мектеп оқушыларының жол қозғалысы ережелерін сақтау жолда денсаулық қауіпсіздігінің кепілі екенін есте сақтауы үшін қажет.