Дүниежүзілік Еріктілер күні
7 желтоқсан күні 8 «Б» сыныбында мектеп парламентінің министрі Бенгард Дарья және белсенділер Сядристый Артём және Боязи Алина «Asil Zhastar» еріктілер күніне орай «Ерікті деген кім?» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – балаларға ерікті деген кім екенін түсіндіру.
Еріктілер немен айналысатыны, 5 гимназияда қандай еріктілер ұйымдары бар екені және жалпы еріктілер күні туралы әңгімеледі. Балаларды тыңдау өте қызықты болды, көптеген сұрақтар қойылып, ұйымдастырушылар сұрақтарға қуана жауап берді.
Жарайсыңдар!!!
Просмотров: 99
Комментарии