Меню KDT
KZ / RU

ОНЛАЙН ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
Президент Жолдауы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰНҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Гимназия директоры
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
Балаларды гимназияға қабылдау
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктеріне
Электрондық журнал
Опрос
Ата - аналарға


Құрметті ата-аналар!

Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар.

Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады.

Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын.

Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім.

Құрметпен, мектеп әкімшілігі.










Құрметті ата – аналар!

Сіздерді мектептегі тамақтандырудың мониторингіне қатысуға шақырамыз. Қатысқысы келетіндер 2 наурыз күні сағат 9.00 мен 13.00 аралығында Романова Надежда Юрьевнаға келсе болады.


Құрметті ата – аналар!

Балаға ең жақын адам – сіз болғандықтан, бұл естелік сізге арналады. Жәбір көрсетуден және зорлық – зомбылықтан сақтау үшін балаңызға бірнеше қағидаларды үйреткеніңіз жөн:

  1. Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесуге және оларды үйге кіргізуге болмайды.
  2. Кіреберіске немесе лифтіге бейтаныс ер адаммен кіруге болмайды. Басқа ересектерді немесе әйел адаммен кірген жөн.
  3. Ересектерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен көлікке отыруға болмайды.
  4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға болмайды және олардың үйіне немесе басқа жерге шақырған ұсынысына келісуге болмайды.
  5. Көшеде, әсіресе кеш батқанда жалғыз жүруге болмайды.
  6. Үйде ересек адамдар болмаса, пәтер есігін бейтаныс адамдарға  ашуға болмайды. (бейтаныс адам су сурауы, телефонмен қоңырау шалайын, құжаттар қалдырайын деуі мүмкін).
  7. Көршілер немесе алыс туыстар болса да, ішімдік ішетіндермен, нашақорлармен, сотталғандармен қарым – қатынас жасауға болмайды.

 

Балаңызға «ЖОҚ!» деп айтуды үйретіңіз:

  1. Көрші немесе басқа адамдар үйіне шақырса немесе үйіңе дейін жеткіземін деп ұсыныс жасаса.
  2. Ата – аналар алдын – ала ескертпей, мектептен немесе балабақшадан алып кетуге бейтаныс адам келсе.
  3. Ата – аналар үйде болмаған жағдайда, бейтаныс (шала таныс) келіп үйге кіргізуін өтінсе.
  4. Танысу үшін бейтаныс адам дәмділер берсе.
  5. Бейтаныс адам көше көрсетуін, сөмкесін апарып беруін немесе дүкенге дейін шығарып салуын өтінсе.

 

Балаңыз бірнеше сөздерді жаттап алсын:

  1. Рахмет! Ата – аналарым бейтаныс адамның үйіне қонаққа баруға тыйым салады.
  2. Кешіріңіз! Мен ешқайда бармаймын!
  3. Менен аулақ жүріңіз, әйтпесе айқайлаймын!!!

 

Балаңызға үйретіп қойыңыз:

  1. Үйге жақындаған кезде, артынан ешкім еріп келе жатпағанын қарасын. Егер еріп келе жатса, кіреберіске жақындамай 15 – 20 минут жүре тұрсын. Егер бейтаныс адам артынан еруді жалғастырса, онда қарама – қарсы келе жатқан кез келген ересек адамға айтсын.
  2. Кіреберіске кіргенде, міндетті түрде есікті жапсын (егер есікте кодты құлып болса).

 

 

Көмекті қайдан алуға болады:

102 – полиция шақыру

74-25-28 – Денсаулық және білім басқармаларының сенім телефоны

71-24-85 – Прокуратураның шұғыл тобының телефоны

 

Сіз өзіңіз не істей аласыз:

Кішкентай баланы көшеде қараусыз қалдырмаңыз. Мектепте оқитын балаларыңыз кіммен және қайда жүретінін айтса да, қараусыз қолдырмаңыз. Балаңызға қауіпті жерлерде жүруге, сабаққа бармайтын балалармен дос болуға тыйым салыңыз. Кіреберіс алдында, мектеп ауласында, балабақша қоршауының жанында жай жүрген ер адамдарға сақтықпен қараңыз. Кейде учаскелік инспектор құжаттарын сұрағаннан кейін, кейбір бейтаныс адамдар ол жерлерге қайтадан келе қоймайды.

Кейбіреулері көліктерін мектептің қасына қойып, бақылап отыруы мүмкін. Егер күдікті көлікті байқасаңыз, нөмірін жазып алып, түсін, маркасын есте сақтап алып, жүргізуші мен жолаушының түрлерін жаттап алып, мектеп директорына немесе күзетшіге хабарлаңыз.

Егер сабақтан кейін, секция және үйірмеден кейін балаңызды алып кету мүмкіндігі болмаса, сыныптастарымен үйге қайтуды ұсыныңыз.

Балаңызбен жылы және сенілді қарым қатынас құрыңыз. Көбінесе үйінде махаббат пен түсінік аз балалар қиыншылық пен бәлелерге ұшырайды.